FIFA президенті Қазақстанға келеді
Инфантино Қазақстанға келеді. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы елімізге 3 мамырда табан тірейді.
Оны Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов арнайы шақырды. Ресми сарап аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланады. Бұған қоса, Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру сөз болмақ. Джанни Инфантино үшін Халықаралық федерация басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.
Айта кетейік, былтыр күзде Барменқұлов пен Инфантино Париж қаласында кездесіп, футболды кеңінен насихаттау, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарында әңгімелескен еді.