Атырауда садақ атудан турнир басталды

Бүгін Атырауда дәстүрлі садақ атудан, ерлер мен әйелдер арасында “Алтын Орда” халықаралық турнирі басталды.

Жарыста әлемнің 11 елінен, сондай-ақ Қазақстанның әр облысынан барлығы 150-дей мерген бақ сынайды. Турнир барысын қазір әріптесім Асланбек Шығыр тікелей эфирде тарқатып айтады.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Бүгін міне Атырау университетінің стадионына құралайды көзге атқан мергендер жиналды. 2 күнге созылатын жарыстың алғашқы күнінде 150-ге жуық қатысушы іріктеуден өтеді. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-ден 10-ға дейін мергендер ПУТА нысанасы бойынша дайындалып, техникалық комиссиядан өтті. Қазір міне өздеріңіз көріп тұрғандай, ерлер мен әйелдер ПУТА түрік нысанасын көздеп, іріктеуден өтіп жатыр. Жалпы облыста ұлттық спорттың дамуы мен садақ ату үйірмелері жөнінде облыстық “Бату хан жебесі” дәстүрлі садақ ату федерациясының аға жаттықтырушысы Диас мырзадан білейік.

Диас Миллат, ұйымдастырушы:

- Садақ атудың дамуы, үйірмелер мен садақшылар туралы ақпарат айтады тікелей эфирде.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Бүгін түстен кейін мергендер Орта Азия нысанасы бойынша да іріктеуден өтеді. Ал қазақы жамбы атудан қатысушылар ертең іріктеледі. Жүзден жүйрік шыққандар ертеңгі додада бақ сынайды. Айта кетейік, бұл Атырау өңірінде ғана емес, жалпы елімізде алғаш рет өтіп отырған дүбірлі дода. Нысана қашықтығы да едәуір. Ұйымдастырушылардың мәліметінше 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтықта мергендер сынға түседі. Қазір өңірде садақ атудан екі спорт шебері болса, 1 адам спорт шеберіне үміткер. Мендегі ақпарат әзірге осы.