Астанада шахматтан чемпионаттың кезекті партиясын Димаш бастап берді
Димаш жүрісті бастап берді. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр.
Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Кезекті, яғни 12-партияға танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергнов арнайы келіп, ашылу бөлігіне қатысты. Ал ойынның өзі аса тартысты өтті және қытайлық спортшының жеңісімен аяқталды. Оған Ян Непомнящийдің өрескел қателігі түркі болды. Нәтижесіне жалпы есеп теңесті. 6:6. Енді тағы осындай 2 кезең ұйымдастырылады. Яғни қос шахматшы өзара 14 мәрте жолығуы қажет. Егер тағы тең түсіп жатса плей-офф ұйымдастырылып, рапид бойынша мықтыны анықтайды. Айта кетейік, бұл жарысқа 16-әлем чемпионы Магнус Карлсен де қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты, дүбірлі додаға келмеді.
Рекордттық деңгейдегі сыйақы
Рекордттық деңгейдегі сыйақы. Бірер күнннен кейін Ташкентте бокстан әлем чемпионаты басталады және оның жеңімпаздарына өте жоғары сыйақы қарастырылды. Мәселен, ұйымдастырушы тарап, яғни, халықаралық бокс федерациясы алтын алған спортшыға 200 мың доллар табыстамақ. Ал күміс және қола жүлдегерлер сәйкесінше 100 және 50 мың доллардан алады. Бұған қоса Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жеңіске жеткен жерлестерге өз қалтасынан тағы 100 мың доллардан таратуға дайын екенін жеткізді. Айта кету керек, бұндай деңгейдегі қолдау алғаш қолға алынып тұр. Сонымен егер боксшыларымыз барлық қарсыласын ұтатын болса, қолына 300 мың доллар тиеді. Бұл ұлттық валютаға шаққанда 140 миллион теңгеге жуықтайды. Көрсеткіш, тіпті Олимпиада чемпионына берілетін сыйақыдан да жоғары. Ел намысны қорғайтын жігіттер қазір Түркістан облысында жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысқытап жатыр. Байрақты бәсекенің өзі мамырдың 1-і мен 14-і аралығында болады және оған 104 елден 600-ден аса боксшы қатысады.
Асудың алғашқы жекпе-жегі шілдеде өтеді
Шілдеде октагонға шығады. Жуырда ғана UFC ұйымына қосылған Асу Алмабев алғашқы кездесуінің уақытын білді. Қаақстандық аралас жекпе-жек шебері 1 шілде күні Лас-Вегас қаласында өтетін турнирге қатысады. Ал алғашқы қарсыласына қатысты әзірге ақпарат жоқ. Белгілісі, жекпе-жек кешінің негізгі бөлігінде америкалық Шон Стрикленд пен германиялық Абус Магомедов өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, Асу танымал ұйыммен 6 сәуірде келісім-шарт жасасты. Бүгінге дейін ол ММА бойынша 19 кездесу өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жеткен. Бұған қоса Таяу Шығыстағы танымал Brave промоушенында да 4 рет өнер көрсетіп, барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.