Кособуцкий мен Андерсон жекпе-жек өткізеді
Кособуцкий мен Андерсон кездеседі. Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын жерлесіміздің кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жан Кособуцкий америкалық Джаред Андерсонмен жолығады. Жекпе-жек кеші 1 тшілде күні АҚШ-тың Толедо қаласында өтеті деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде белгілі журналист Майк Коппингер мәлемдеді.
Айта кету керек, Жан АҚШ төрінде алғаш рет жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алды. Қазақстандық боксшы бүгінге дейін 19 мәрте шаршы алаңға шығып, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті 18-ін уақытынан бұрын аяқтады. Соның арқасында WBC International белдігін иемденді және әлемдік рейтингтің 8-ші сатысына көтерілді. Оның бұл жолғы қарсыласы да ешқашан жеңіліп көрмеген. 23 жастағы Джаред кәсіпқой рингке 13 мәрте шығып үлгерді. Әсіресе соңғы жекпе-жегінде доминикалық Джордж Ариасты ұтып, WBC және WBO International белбеулерінің иегері атанды. Қос мықты арасындағы айқас алдағы жекпе-жек кешінің негізгі кездесуі болмақ.