Жамбыл облысында қазақ күресінен турнир басталды

Жамбыл облысында Бірлік күні қарсаңында қазақ күресінен республикалық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қолбасшы Қойгелді» атындағы жарыс 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның 12 өңірі және Алматы, Шымкент, Қаратау қалаларынан 300-ден астам жас спортшы келген. Балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

Жарыс 2 күнге жалғасады. Боз кілемде үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы беріледі.