18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында жеңді

18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында жеңді

18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Бірінші дивизионның А тобындағы соңғы ойында Қазақстан Франция құрамасын 6:1 есебімен ұтты.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шығуға мүмкіндік берді. Осған дейін чемпионатта біздің құрама өз тобында Венгрия, Жапония, Украина командаларымен сынға түсіп, қарсыластарын жеңген болатын.