Атырауда кадеттер арасында самбодан Азия кубогі өтіп жатыр
Атырауда 2007-2008 жылдары туған кадеттер арасында самбо күресінен ашық Азия Кубогі өтіп жатыр.
Жарыста Армения, Әзербайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Монғолияның және еліміздің әр өңірінен барлығы 150-ге жуық спортшы бақ сынайды. Бүгін сайыстың ақтық сыны. Күрес қалай өтіп жатыр?
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Иә, мұнайлы өңірде боз кілемді дүбірге толтырған «кіл мықты» өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл сайыстың жөні бөлек. Ашық Азия кубогы сарапқа салынып жатыр. Сондықтан ел намысын қорғауға шыққан біздің жас палуандар да барын салуда. Бұған дейін сәуірдің 5-8 аралығында өткен Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанған және көзге түскен 60 бала іріктеліп алынып отыр. Айтқандай кешегі сайыс біздің балалар үшін табысты болды. 5 салмақ категориясы бойынша сынға түскен палуандардың ішінде 3 салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын. Бүгін қалған 30 бала боз кілемге шығып жатыр. Әзірге спортшыларымыздың аяқалыстары жаман емес. Дүбірлі доданың жәйін Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, кезінде талай боз кілемді шаңдатқан сайыпқыран спортшымыз Қайрат Мұратұлынан сұрап білсек.
Қайрат Мұратұлы, ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы:
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Енді бүгінгі самбошылар сарапқа салынып жатқан жүлде иесі туралы бір ауыз айта кетсек. Қошқарбай Табынбаев қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші болған. Оның шәкірттері тек облыс көлемінде ғана емес, ел бірішіліктерінде, әлем чемпионаттарында талай топ жарды. Сондықтан бүгінгі мына жас самбошылардың ішінде талай Қажымұқандардың шыатыны даусыз. Айтқандай, ашық Азия кубогы Атырауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ендеше жүлделі жарыс жалғасын таба берсін деп тілейік.