Елордадан шыққан бес желаяқ Алматыға жетті
Елдің 22 қаласын бір айда жүгіріп өтуге бекінген марафоншылар 25 сәуірде жолға шыққан болатын.
Олар Қарағанды, Жезқазған, Жаңаарқа, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Таразды басып өтіп, тоғыз күнде 2500 шақырымды артқа тастап Алматыға жетті. Спортшылар 8 мың шақырымды еңсермек. Ендігі бағыты-Талдықорған қаласы. Одан әрі қарай Шығыс пен Солтүстік Қазақстанды айналып өтіп, Қостанай өңірі арқылы Батысқа бағыт алады. Спортшылардың сапары Ақтау қаласында 25 мамыр күні мәреге жетеді. Осылайша, Гиннестің рекордтар кітабына енбек. Nomadrun желаяқтарының басты мақсаты халықты салауатты өмір салтына шақыру, отандық туризмді насихаттау.
Меңдібай Әлімғазин, желаяқ:
- Жастарға үлгі болсын, шылым таптпасын, арақ ішпесін, анаша сынды жаман нәрсеге бармасын деп, жасқа қарамайды дегендей күніне 50-55 шақырымнан жүгіріп келе жатырмын. Біздің табиғатымызды көбісі біле бермейді, қай жерде қандай табиғат тұрғанын. Сыртқа ақшаны құйғанша өзіміздің елімізге құйғаны дұрыс қой.