Әскери қызметші Қарағанды мен Астананың арасына 500 шақырым жүгіріп өтеді
Ақжалдан Астанаға дейін 500 шақырымды жүгіріп өтуге бел буған әскери қызметші 300 шақырымды артта қалдырды.
Қарағанды қаласына жеткен ол 6 мамыр күні елордаға табан тірейді. Кеншілер қаласында оны әріптестері күтіп алды. Әскерилер қалаға кіре берістен бастап, шаһардан шыққанша Бауыржан Әбдіхаиммен қатарласып жүгіріп отырды. Қазір спортшының әр басқан қадамын Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері тіркеп отыр. Күніне 100 шақырымды бағындырған ол келер жылы барлық облыс аумағын жүгіріп өтуді де жоспарлап отыр.
Бауыржан Әбдіхаим, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің қызметшісі:
- Биылға 500 км пландадық. Ендігі жылы әр қалаға, мысалы Шымкент – Қызылорда, Қызылорда-Ақтау (жүгіремін) бұйырса жетеміз. Қиындықтар негізі қатты болып жатқан жоқ. Біз Шымкент-Таразға жоспарлағанбызғой негізі. Ондағы екі подъемнан қашқанбыз негізі, қинап тастайды деп. Бірақ Қарағандының жолы оданда қиын болып кетті. Бірақ біз бәрібір жетеміз.