«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының финалына арналған рәсім өтті
Елордада "Qaisar" әскери-патриоттық ойындарының ақтық кезеңіне арналған салтанатты рәсім өтті.
Игі шара Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орайластырылған. Биыл аймақтардағы іріктеу кезеңі 15-25 сәуір аралығында ұйымдастырылды. Енді финалға жолдама алған жастар екі күн бойы түрлі сынақтарды еңсеріп, өзара мықтыларды анықтайды. Олар қашықтыққа жүгіріп, кедергілермен жүріп өтеді. Саптық дайындық деңгейлерін шыңдап, әскери-танымдық викторинаға да қатысады. Доданы "Amanat" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты ұйымдастырды. Шараға партия хатшысы Дәулет Кәрібек, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары және қарулы күштердің ардагерлері, танымал спортшылар қатысты.
Дәулет Кәрібек, "Amanat" партиясының хатшысы:
- Әрбір жастың бойынан қасиетті борыштарды сіңіре білу және оларды үйрету біздің басты міндеттеріміздің бірі. "Қайсар" жобасы бұл жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, одан бөлек дәстүрлерімізді қадірлеуге және Отанды қорғауға үйретеді.