Ташкенттегі чемпионатта Нұрбек Оралбай Қытайдың этникалық қазағын жеңді
Тарихи нәтиже.
Боксшыларымыздың соңғы жетістігіне осындай баға беруге болады. Өйткені Қазақстан алғаш рет сырт елде өткен әлем чемпионатында 4 алтын медаль еншіледі. Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттер кезекті рет қазақ бокс мектебінің әлеуетін көрсетіп, әлемдік деңгейде алдыңғылар қатарында екенін көрсетті. Ташкент қаласындағы дүниежүзілік дода жайында ұлттық құрамамен бірге аттанған әріптесім Аслан Қаженов айтып берсін.
Жарыстың соңғы күні 3 бірдей жерлесіміз өнер көрсетті және 3-еуі де жеңіске жетті. Ең алдымен шаршы алаңға Махмұд Сабырхан шығып, жергілікті Ойбек Джураевпен жұдырықтасты. 21 жастағы боксшымыз өте белсенді қимылдап, қарсыластын бірнеше мірте есеңгіретіп тастады. Төреші 2 мірте нокдауд тіркеді. Сәйкесінше, айқын басымдықпен ұтты. Айта кетейік, Махмұд 2 жыл бұрынғы әлем чемпионатында күміс жүлде еншілеген болатын.
Махмұд Сабырхан, әлем чемпионы:
- Өте қуаныштымын. Сіздерге үлкен рақмет, қазақ елі. Жанкүйер болдыңыздар, дұғада болдыңыздар. Бұл жерде менің ғана жеңісім емес. Құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, Марат және Ілияс ағаларға алғыс айтамын.
Махмұдтың жеңіс жолын артынша Асланбек Шымбергенов жалғады. Ұлттық құрама капитаны тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровтан басым түсті. Асланбек іріктеу сындарында дәл осылай Үндістан, Франция, Израиль, Тринидад және Тобаго боксшысынан да басым түскен болатын.
Асланбек Шымбергенов, әлем чемпионы:
- Ал 80 келі саламқтағы финалда, тіптен қызықты жағдай орын алды. Әлем чемпионы деген атақты қос бірдей қазақ сарапқа салды. Яғни ұлттық құрама сапындағы Нұрбек Оралбай және Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан жолыққан болатын. Төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті.
Осылайша, Ташкент төрінде 4 мәрте әнұранымыз шырқалды. Ұлттық құрама қоржынында 4 алтын мен 1 күміс бар. Жалпы тәуелсіздік алғаннан бері 16 мәрте әлем чемпионатына қатысыппыз. Соның ішіндегі ең жемісті жарыс болды дейді Қазақстан бокс федерациясының басшысы.
Кеңес Рақышев, Қазақстан бокс федерациясының президенті:
Оралбай Жақсымбетов, ҚР МСМ спортты дамыту дирекциясының басшысы:
- Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз 300 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Яғни Халықаралық бокс қауымдастығы биыл рекордттық деңгейдегі қаржылай қолдау тағайындады. Жеңімпаздарға 200 мың доллардан табыстады. Бұдан бөлек Қазақстан бокс федерациясының президенті өз қалтасынан 100 мың доллардан бермек.
Аслан Қаженов