«Астана» премьер-лигада топ бастады

«Астана» премьер-лигада топ бастады

Астана» премьер-лигада жеке-дара топ бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

15-ші турдың кейінге шегерілген матчында «Ақсуға» қонаққа барған елорда командасы 3 ұпайын алып қайтты. Павлодардағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 74-ші минутта қорғаушы Тимур Досмағамбетов соқты. Осы ойыннан кейін «Астана» 28 ұпаймен турнир кестесінде бірінші сатыға жайғасты.

Елордалықтардан 5 ұпайы кем «Ордабасы» екінші орында келеді. Алайда Шымкент клубы 2 ойын кем өткізген. Алғашқы үштіктің қатарында «Қызылжар» тұр. «Ақсу» 13-ші орында қалып қойды.