Көшпенділер ойынына жүзден астам ел қатысады
Елде 3 жылда 135 спорт кешені салынады.
Соның 80 пайызы ауыл, аудандарда бой көтереді. Мәдениет және спорт министрі елімізде өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысты пікір білдірді. Бұл бағытта жұмыс тобы құрылған. Жоспарға сәйкес, дүбірлі ойын Астанада ұйымдастырылады. Оған жер-жерден мыңдаған спортшы келмек.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Біздің жоспарымызға сәйкес 100 ден аса мемлекеттердің өкідері Қазақстанға келетін болады. Бұл дегеніміз 3 мыңға жуық спортшылар мен қолдаушылар келетін болады. Бұл бір апталық үлкен кешенді шара болады. Енді олимпиада ойындарынан кейін екінші үлкен шара осы көшпенділер ойыны.