Боччадан Қазақстан чемпионаты 1-4 маусым аралығында өтеді
Шара елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Спорт сарайында ұйымдастырылады.
Жарысқа жүріп-тұруы қиын спортшылар қатысады. Елдің әр өңірінен 15 жастан асқан тұрғындар бақ сынасады. Сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жаңартылады. Содан кейін олар биылғы үш халықаралық додаға дайындықты бастайды.