Ақмола облысында ауыл жастары арасындағы турнир өтті

Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты Жәнтеке ауылында бұдан былай өзінің дәстүрлі жарысы болады.

Бұнда Кенжебек Ермекұлын еске алуға арналған футбол бәсекесі өтіп, оған алыс-жақын елдімекендерден бас-аяғы 6 команда қатысты. Олар айналмалы жүйеде мачтар өткізіп, нәтижесінде Астана қаласынан келген команда топ жарды. Үздік үштікке Ұялы және Жәнтеке ауылының құрамалары кірді. Бұндай форматтағы жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға көмектеседі. Бұған қоса, тасада қалған таланттардың да танылуына және олардың жолын ашуға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Сәйкесінше, ауылдар арасындағы турнирді алдағы уақытта тұрақты өткізу жоспарланып отыр.