Астана қаласы дзюдодан әлемдік аламанды қабылдайды

Астана қаласы дзюдодан әлемдік аламанды қабылдайды

Сметов гранд-слэмге қатыспайды.

Бірер күннен кейін Астана қаласы дзюдодан әлемдік аламанды қабылайды. Айта кету керек, бұндай деңгейдегі байрақты бәсеке елімізде алғаш өткелі бұр. Оған 45 елден 400-ге жуық қатысушы жиналады. Осы орайда ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды. Өкінішке орай, арасында ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов жоқ. Қалған негізгі спортшылармыз түгелдей дерлік жарысқа араласады. Гранд-слэм бәсекесінің ерекшелігі - қабылдаушы мемлекет әр салмақта 4 спортшыдан татамиге шығара алады. Сондықтан осы жолы жас буын өкілдеріне де керемет мүмкіндік беріліп отыр.

Ал ең басты үміт, әрине, ерлер арасында Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев және Жансай Смағұлов сияқты спортшыларда болмақ. Әйелдер арасында Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева, Толғанай Әбеуова, Севара Нышанбаева және аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаштар да жүлдеге қол созуы керек. Әлемдік аламанның өзі 16-шы және 18-ші маусым аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Қазір қатысушы мемлекеттердің құрамалары елордаға жиналып, жарыс алдындағы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.