Рыбакина - әлемнің үшінші ракеткасы

Рыбакина - әлемнің үшінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші рейтингтегі жағдайын жақсартып, бірнеше сатыға жоғарылады.

Бұл жаңалық ресми алдағы дүйсенбіде жарияланады. Ал оған түрткі болған негізгі жағдай – «Ролан Гаррос» турниріндегі  Онс Жабердің есе жіберуі. Тунистік теннисші жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан ұтылды. Сәйкесінше, енді Елена Рыбакина жалпы тізімде жоғарылайды. Ол бұған дейін 5-ші орында болған. Еске сала кетейік, Елена денсаулығындағы ақауға байланысты «Ролан Гаррос» турнирінен кетті. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Қазақстандық спортшылардан Юлия Путинцева да үшінші айналымға дейін жетіп, кейін жарыс жолынан шығып қалды. Ал жігіттер арасында қазақстандық Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымда-ақ есе жіберді. Париж қаласындағы турнир 12-ші маусымға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 46 миллион 600 мың еуроны құрайды.