Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті

Қазақстандық спортшылар самбодан Астанада өткен Азия және Океания чемпионатында 8 алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы отандық құрама байрақты бәсекеде ұзын саны 20-дан астам жүлделі орынға ие болды. Жарысқа әлемнің 27 елінен 600 самбошы алғаш рет елордаға жиналды.

Айта кетейік, бұл чемпионатта ересектер, жеткіншектер сондай-ақ көру қабілеті төмен балуандар да бақ сынасты.