Талдықорғанда спорттық гимнастикадан ел біріншілігі басталды
Талдықорғанда спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жарыстың ел бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Жетісу облысынан 150 жас спортшы қатысып жатыр. Ел чемпионатына баруға мүмкіндік алған өрендеріміз гимнастикалық бөрене, белтемір, керме, параллельді қос сырық және еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша өнер көрсетеді. Жасөспірімдер арасындағы алғашқы ел чемпионаты өте маңызды жарыс болып есептеледі. Мақсат – жастар мен ұлттық құрамадағы ересек спортшыларымыздың орнын басатын лайықты ізбасар дайындау», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Рахымбек Омарұлы, бас төреші:
- Әлем чемпионаты әлі өткен жоқ. Біздің Қазақстан биыл бірінші рет осы юниорлардың арасында осы жарысты өткізіп отыр. Не үшін? Бұл – резерв ретінде қарау, резерв ретінде жаңағы іріктеу жасау. Ертең ана жастарға кіру туралы, үлкен ересектердің арасына кіру керек дегендей, іріктеу ретінде өтіп жатыр.