Футболдан Қазақстан және Солтүстік Ирландия құрамалары кездеседі

Бүгін Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары кездеседі.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу Белфаст қаласында болады. Магомед Адиев баптайтын жігіттер қазір "Уиндзор Парк" стадионында соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Алдағы матч ұлттық құрама үшін өте маңызды саналады. Өйткені Қазақстан турнир тізімінде 2-тур және осы орынды сақтап қалу керек.

1 алтын, 1 күміс және 5 қола. Қазақстан құрамасы гранд-слэмнен осынша медаль еншіледі. Дзюдошылардың әлемдік аламаны Астанада өткен болатын. Оған 42 елден 400-ге жуық қатысушы жиналды. Алтын және күміс жүлдені жарыстың алғашқы күні жеңіп алдық. Яғни жерлестеріміз арасынан Мағжан Шамшадин мен Ғұсман Қырғызбаев финалға шықты. Мағжан өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Кейін орта салмқатағы Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдегер атанды. Ал соңғы күні ауыр салмақтардағы Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай және Ақерке Рамазановалар үздік үштікті түйіндеді. Соның арқасында жалпы командалық есепте 4-орынға тұрақтадық. Айта кету керек, Қазақстан құрамасы үшін бұл әлемдік гранд-слэмдердегі ең жоғары көрсеткіш саналады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың еуроны құрады. Бұдан бөлек жеңіске жеткен спортшыларға рейтингтік ұпайлар берілді. Дәл осы ұпайлар Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда шешуші рөлді атқарады.

Асхат Жіткеев, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы:

Жалпы есепте бірінші орындамыз

Жалпы есепте бірінші орындамыз. Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аяқталды. Айта кету керек, еліміз дүниежүзілік доданы алғаш рет қабылдады. Оған 32 елден 300-ден аса қатысушы жиналып, 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсеке қоян-қолтық ұрыстың өзін-өзі қорғау және жекпе-жек деп аталатын бағыттары бойынша болды. Нәтижесінде ұлттық құрама спортшылары 21 алтын, 19 күміс және  21 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ басына шықты. Атап айтқанда, Медет Қожбанов, Ердәулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мәди Райхан, Даулет Темірханов сиқяты спортшылар алдына жан салмады. Ал әйелдер арасында Аида Хайруллина, Шынар Кенжебаева және Сая Жаңаевалар әлем чемпионы атанды. Жалпы есепте екінші және үшінші орынға, сәйкесінше Ресей мен Өзбекстан құрамалары тұрақтады.

Рустам Абдалимов, Қазақстан қоян-қолтық ұрысы федерациясының құрметті президенті:

Ұлттық құрама жасақталды. Талдықорған қаласында жүзу түрлерінен жазғы спартакиада мәресіне жетті. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 170-тен аса спортшы жиналды. Соңғы жарыс күні жүзудің еркін, брасс, кешенді және эстафета түрлері бойынша медальдар сарапқа салынған болатын. Нәтижесінде, Арсен Қожахметов, Ғалымжан Балабек, Глеб Коваленя, Даниела Дю, Анастасия Ермакова және Диана Тасжанова сияқты спортшылар жеңімпаз атанды. Ал 400 метрлік эстафетада ерлер арасында Астана, ал әйелдер арасында Алматы командасы топ жарды. 4 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы алға шықты. Олар 14 алтын, 14 күміс және 15 қола жеңіп алды. Алдыңғы үштікті Ақтөбе мен Астана жүзу шеберлері түйіндеді. Республикалық спартакиада нәтижесінде  әлем  чемпионатында ел намысын қорғайтын команда жасақталады. Биылғы дүниежүжүзілік дода тура бір айдан кейін, яғни 14 және 30 шілде аралығында Жапонияның Фукуока қаласында болады.