Мағжан Шамшадин гранд-слэм жарысында топ жарды
Астанада дзюдодан әлемдік гранд-слэм өтіп жатыр.
Байрақты бәсекеге 42 елден 300-ден аса спортшы жиналды. Алғашқы жарыс күні 5 салмақтағы үздіктер анықталды. Ерлер арасында қазақстандық Мағжан Шамшидин 60 келіде топ жарды. Ол финалда Франция балуанынан басым түсті. Финалға Ғұсман Қырғызбаев та шықты. 66 келідегі спортшы испаниялық дзюдошыға есе жіберіп, күміс медальға қол созды. Әлемдік гран-слэм 3 күнге созылады.