Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы

Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйелдер теннис қауымдастығы соңғы кездесулерді сараптап, жекелей сынның тізімін жаңартқан болатын. Оған сәйкес топ басында Белорусь өкілі Арина Соболенко тұр. Одан кейінгі орынға польшалық Ига Швёнтек жайғасса, қазақстандық Елена Рыбакина үздік үштікті түйіндеді. Жерлесіміздің еншісінде 5090 ұпай бар.

Елена биылдың өзінде 2 бірдей айтулы аламанда топ жарып үлгерді. Алдымен АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы бәсекенің бас жүлдесін жеңіп алса, артынша Италияның Рим қаласында Мастерс турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық теннисшілер арасынан екінші тәуір көрсеткішке Юлия Путинцева қол жеткізді. Ол 1035 ұпаймен 50-ші орынға жайғасты. Қалған қыздар, яғни Жібек Құламбаева 428-ші, Гозаль Айнитдинова 491-ші, Анна Данилина мен Аружан Сағындықова, сәйкесінше 766-шы және 1064-ші орындарда.