Рыбакина жарыстан шығып қалды

Рыбакина жарыстан шығып қалды

Қазақстанның бірінші, ал әлемнің үшінші ракеткасы Ұлыбританиядағы рейтингілік турнирге қатысуы керек еді.

Бірақ, ол жарыс басталмай тұрып, өнер көрсетпейтінін жеткізді. Кейін себебін вирустық ауру деп түсіндірді. Қалай болғанда да Рыбакина кордқа шықпайды. Ол алғашқы айналымда қытайлық Сиюй Ванмен жолығуы керек еді. Енді Еленаның орнын чехиялық Барбора Крейчикова басады. Рыбакина осыдан бірер апта бұрын Франциядағы Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, тағы да сырқаттанып қалуына байланысты жарыс жолынан шықты. Одан кейін Берлиндегі WTA 500 турнирінде хорватиялық Донна Викичтен жеңіліп, екінші айналымынан аса алмады. Спорт мамандары оны, тіпті, сенсациялық жеңіліске балады. Енді бұл жолы да дәл осы санаттағы жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, Рыбакина жуырда ғана әлімнің үшінші ракеткасы атанды. Топ басында Беларусь өкілі Арина Соболенко мен польшалық Ига Швёнтек тұр.