Шавкат келесі кездесуін Абу-Дабиде өткізгісі келеді

Шавкат келесі кездесуін Абу-Дабиде өткізгісі келеді

Бұл жөнінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері «Вестник ММА» YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Әзірге ешқандай жаңалық жоқ, өзім де күтіп жүрмін. Жекпе-жектің Абу-Дабиде өткенін қалаймын. Өйткені, ол жаққа жерлестеріміз көптеп барады», - деді спортшы. Ал кезекті қарсыласына қатысы әзірге нақты ақпарат жоқ. Жуырда ғана журналист Рубен Картер қазақстандық Шавқат Рахмонов америкалық Белал Мухаммадпен 21-ші қазанда Абу-Даби қаласыда кездеседі деп мәлімдеді. Бұған қоса, тағы бір америкалық аралас жекпе-жек шебері Келвин Гастелум Шавкаттың ұсынысын қабыл алып, жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды белгіледі. Яғни, қос мықты 16-шы қыркүйекте Лас-Вегас қаласында жолығуы мүмкін.  Қалай болғанда да соңғы шешімді жерлесіміздің командасы қабылдайды. Айта кетейік, ол бүгінге дейін 17 кездесу өткізіп, 17 рет жеңіске жетті. Қазір UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздіктері арасында 6-шы орында тұр.