Елордада бокстан дәстүрлі Елорда кубогы турнирі басталады

Ұлттық құрама жасқаталады.

Бүгін елордада бокстан дәстүрлі Елорда кубогы турнирі басталады. Байрақты бәсекеге ел намысын қорғап жүрген жігіттер толықтай қатысады. Яғни, ұлттық құрамадағы нөмірі бірінші, екінші, үшінші және төртінші боксшылар алдымен Астанада жаттығу жинын өткізді. Енді өзара мықтыны анықтап, ел намысын қорғайтындар тізіміне ілігуге тырысады. Әсіресе, олимпиадалық саналатын 7 салмақ бойынша бәсеке жоғары болайын деп тұр. Өйткені, үздік шыққандары алдағы Азия ойындарында Париж олимпиадасының жоламасына таласады. Елорда кубогына қазақстандық боксшылардан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қытай,Түркіменстан, Тайланд, Моңғолия, Бахрейн және Сербия өкілдері де қатысады. Шаршы алаңға шығатын жерлестеріміздің саны 60-тан асады. Байрақтың бәсекенәің өзі 2-ші шілдеге дейін жалғасады.