Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кездесулері өтті
«Астана» мен «Тобыл» жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кездесулері өтті. Жарысты жалғасытырып жатқан 4 команда арасында алғашқы мачтар болды. Мәселен, «Астана» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдап, 1:0 есебмен жеңіске жетті. Жалғыз голды 73-ші минутта себиялық жартылай қорғаушы Игорь Иванович соқты.
Ал осыған паралаль ойында «Тобыл» мен «Атырау» клубтары жолықты. Қостанай қаласында ұйымдастырылған мачта алаң иелері басым түсті. Бұнда да 1:0 есебі тіркелді. Ал жалғыз голды босниялық легионер Асмир Сульич соқты. Енді тараптар 8 шілде күні қарымта кездесулер өткізеді және қос ойын қорытындысы бойынша Қазақстан Кубогының финалистері анықталады. Ал бас жүлде үшін шешуі сын алдағы күзде, яғни 4 қараша күні болады деп жоспарланып отыр.