Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы» атанды
Балуан Ғалымжан Қырықбай "Қазақстан Барысы" атанды.
Жеңімпазға "Алтын белбеу" мен 25 млн теңге бұйырды. Ол ақтық белдесуде Маңғыстау облысынан келген Нұрдәулет Жарылғаповпен күш сынасты. Сайыс нәтижесінде "Қара Бура" лақап атымен танылған балуан "күміс белбеуді" еншіледі. Үздік үштікті павлодарлық Мұхтар Дәлелханұлы түйіндеді. Еске салайық, Астана күніне орайластырылған республикалық турнирге 41 спортшы қатысты. Олар абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Сонымен қатар "Әскер Барысы" күш құрылымдары арасындағы турнир мен былтырғы іріктеудің жеңімпаздары бозкілемде белдесті. Олардың қатарында Ғалымжан Қырықбай да бар.