Таэквондодан ұлттық құрама жасақталды
Ұлттық құрама жасақталды.
Түркістан қаласындағы таэквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы ұйымдастырылып, нәтижесінде алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды.
Айта кету керек, ішкі біріншілік жаңа форматта өтті. Яғни, іріктеу кәріс жүйесі арқылы өтті. Нәтижесінде әйелдер арасында Ботакөз Қапанова, Азиза Қаражанова, Мария Севостьянова және Нұрай Құсайыновалар өз салмқатарында қарсылас шақ келтірмеді. Ал 67 келіден жоғарғылар арасында Жансель Дениз жеңімпаз болды. Ерлер арасында Елдос Ысқақ, Нұрбек Ғазез, Эльдар Бірімбай, Нұрлан Мырзабаев және Смайыл Дүйсебайлар ұлттық құрамаға алынды. Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы топ жарды. Үздік үштікті Атырау және Жамбыл облысының спортшылары түйіндеді.
Олжас Беспаев, Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы:
- Бұған қоса Азия ойындарына қатысушы әр мемлекеттен бір төреші шақырылады. Биыл Қазақстан атынан Халықаралық дәрежедегі төреші Дәурен Алғабаев баратын болды. Құрлықтық доданың өзі алдағы күзде, яғни қыркүйектің соңы мен қазанның басында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.