Руслан Курбановтың тарихи жеңісі
Тарихи жеңіс. Қазақсандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатында жүлдеге ілікті.
Дүниежүзілік дода дәл қазір Италияның Милан қаласында өтіп жатыр. Ұлттық құраманыяң үздігі іріктеу кезеңдерінде Франция, Дания және Австрия спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда италиялық Валерио Куомоны жеңіп, жерлесеріміз арасынан алғаш боп финалдық кезеңге өтті. Бірақ, жартылай финалда венгриялық Мате Кохқа есе жіберді. Қорытынды есеп: 15-12. Осылайша Руслан Құрбанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл - семсерлесу спортынан ел тарихындағы алғашқы дүниежүзілік дода медалі. Соынмен қатара, Италиядағы байрақты бәсекеде рейтингтік ұпайлар да таратылады. Бұл көрсеткіш Париж олимпиадалының жолдамалары сарапқа салынғанда шешішу рөлді атқарады.
Айта кетейік, былтыр Мысырда өткен әлем чемпионатында ұлттық құрамадағы Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов ширек финалдан аса алмап еді.