Астанада аламан бәйге өтті
Оған еліміздің бірнеше өңірінен ат баптаушылар 80-ге жуық тұлпарын әкеліп қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Құнан бәйге» 10 шақырымға, «Топ бәйге» - 16, «Жорға жарыс» -9, ал «Аламан бәйге» 23 шақырымға созылды. Әр жарыста мәрені алғашқы кесіп өткен үштікпен қатар 4-ші және 5-ші келгендер де ақшалай жүлдемен марапатталды. Жүлде қоры – 23 млн 500 000 теңге.
Бұдан бөлек, бәйге кезінде ұлттық киім байқауы өтті. Бұл сайыстың жеңімпаздарына жалпы көлемі 1 миллион теңге сыйақы табысталды. Турнирге Ақапарат және қоғамдық даму министрі Дархан Кыдыралі қатысты.