«Арсенал» суперкубогты жеңіп алды

«Арсенал» суперкубогты жеңіп алды

Англиядағы «Уэмбли» стадионында футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен мачт болды.

Ол жерде лондондық «Арсенал» мен манчестерлік «Мансити» жолығып, суперкубокты сарапқа салды. Негізгі ойын уақыты тең аяқталды. 77-ші минутта қонақтар сапындағы Коул Палмер мергендігімен көзге түссе, ең соңғы минутта, яғни қосымша уақыттың 11-ші минутында «Арсенал» сапындағы Леандро Троссард мүмкіндігін сәтті пайдаланып, таразы басын теңестіріп үлгерді.

Ал матч соңындағы пенальтилер сериясында «Арсеналдың» жолы болды. Лондондық клуб сапынан Мартин Эдегор, Троссард, Букайо Сака және Фабиу Виейра голдың авторы атанды. Ал «Манчестер Сити» сапынан Бернарду Силва ғана мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Ал Кевин Де Брейне мен Родриго Эрнандес мүлт кетті. Осылайша, «Арсенал» өз тарихында 17-ші рет суперкубогты жеңіп алып тұр.

Ағылшын клбутары арасында бұл екінші жоғары көрсеткіш саналады. Ең көп жеңіс Манчестер Юнайтед еншісінде. Кейінгісі 21 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Манчестер Сити суперкубогты 6 рет ұтты.