Феликс Жәнбекті жекпе-жекке шақырды

Британиялық кәсіпқой боксшы Феликс Кэш қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Ол бүгінге дейін 16 рет жұдырықтасып, 16-сында да жеңіске жеткен. Тіпті, 10-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Осының арқасында WBO рейтингінде 4-ші тұр. Ал Жәнібек дәл осы тұжырым бойынша чемпиондық белдіктің иегері. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Ол ең соңғы рет биыл мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал Феликс Кэш соңғы рет былтыр желтоқсанда ғана кәсіпқой рингке шыққан. Ол Англияның Лидс қаласында португалиялық Келсо Невешамен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.