«Ақтөбе» Румынияның «Сепси» командасымен ойын алдындағы ашық жаттығуын өткізді
«Ақтөбе» және румыниялық «Сепси» командаларының ойын алдындағы ашық жаттығуы өтті.
Ертең УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулер өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы матчтің нәтижесі 1:1. Алғашқы голды қазақстандық клубтың шабуылшысы Элдер Сантана соққан болатын. Ойынның 89-минутында Роланд Варга есепті теңестірді. «Ақтөбе» ойыншылары үшін кездесу кестесі оңайға соғып тұрған жоқ. Үш күн бұрын Қазақстан біріншілігінде Ақсумен 1:1 есебімен тең түскен болатын. ЕУРО ойынынан кейін қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.
Андрей Карпович, «Ақтөбе» ФК бас бапкері:
- Бұл ойынды барлығымыз асыға күтіп жүрміз. Алғашқы ойыннан кейін қарсыласымызбен етене таныстық. Командамыздың үстем тұсын сәтті пайдалануға тырысамыз. Екі клубтың да жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екендігі түсінікті. Жанкүйерлеріміздің алдында сапалы ойын көрсетуге тырысамыз.