Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр

Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр

Жерлесіміз 7-ші орында.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні ерлер арасында 50 метрден жатып ату бәсекесі болды. Бұл бағдарламада 3 бірден спортшымыз өнер көрсетті. Араларынан Константин Малиновский салыстармалы түрде үздік нәтижені тіркеді. Ол 624 ұпай жинап, 7-ші орынға тұрақтады. Яғни ұлттық құрама мүшесінің қола медалға таласуына 1 ұпай жетпей қалды. Бұған қоса Ислам Сатпаев 41-ші, ал Юрий Юрков 55-ші сатыларға жайғасты.

Айта кетейік, дәл осы дүниежүзілік доданың 10 метрден ату жарысында қазақстандық Ислам Сәтпаев 4-ші орын алып, Париж олимпиадасының жолдамасын иемденген еді. Енді қалған спортшыларымыз лицензия санын арттыруға тырысады. Бакудегі бәсекеде 50 жерлесіміз бар. Ал жалпы алар болсақ, 101 елден 1 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Сұрмергендер сайысы 1-ші қыркүйекте мәресіне жетеді.