Аманжолов Усикпен спарринг өткізді

Аманжолов Усикпен спарринг өткізді

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз дәл қазір Польшада келесі кездесуіне дайындалып жатыр.

Соның аясында WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усикпен бірге жаттықты. Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Суреттің астына «Біз айқасқа дайынбыз» деген жазба қалдырды. Айта кетейік, Аманжолов 26-шы тамызда Польшаның Вроцлав қаласындағы жекпе-жек кешіне қатысады. Оның қарсыласы - Лазизбек Муллажонов. Өзбекстандық боксшы бүгінге дейін жеңіліп көрмеген. Кәсіпқой рингте бас-аяғы 3 кездесу өткізді. Ал Нұрсұлтан Аманжоловтың көрсеткіші 5 жекпе-жек, 5 жеңіс. Тіпті оның 4-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Дәл осы кештің басты жекпе-жегінде жоғарыда сөз болған украиналық  Александр Усик пен британиялық Даниэлл Дюбуа жолығады.