Әлімханұлы: Орта салмақ патшасымын
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында осындай мәлімдеме жасады.
Ол күні кеше Генадий Головкинді кездесуге шақырған британиялық Крис Юбенкке қарата әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Головкинді қайтеді? Неге менің есімімді атамайды? Өйткені, ол қорқады. Мен – орта салмақтың патшасымын - деді Жәнібек.
Айта кетейік, жерлесіміз 14 қазанда шаршы алаңға шығады. АҚШ төрінде германиялық Винченцо Гуальтьеримен жолығады. Кейінгісі жеңіліп көрмеген. Бүгінге дейін 21 кездесу өткізіп үлгерді. 20-сында жеңді. Біреуі тең нәтижемен аяқталды.
Ал Жәнібектің көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіске жетті. Ол ең соңғы рет биыл мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.