Астанада қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті
Елордада құқық қорғау орган қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің түкпір-түкпірінен спортшылар келген.
Турнирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогы сарапқа түсті.
Әл-Фараби Серіков, тілші:
- 8 салмақ дәрежесі бойынша 70-ке жуық спортшы сынға түсіп жатыр. Жоғары бәсекелестік байқалады. Өз командасына жанкүйер болып келген көрермендердің қолдауы ерекше. Республикалық турнирді халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап жатырмыз, - дейді ұйымдастырушылар.
Елордалық Нұрланның осы спорт түрімен айналысып жүргеніне 6 жылдай болды. Бұған дейін түрлі чемпионаттарда жүлдегер болған. Қазір Ішкі істер министрлігінде жұмыс істейді. Турнирге тыңғылықты дайындықпен келіп, жүлделі ІІ орынды еншіледі.
Нұрлан Тұрғанбаев, Астана қаласы Полиция департементінің инспекторы:
- 2-3 апта оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Осы уақытқа дейін спорт шеберін орындадым. Халықаралық ареналарға да шығып жүрміз. Жақсы бәрін ұйымдастырып жатыр. Рақметімді айтам. Осындай жарыстар көп болсын.
Турнир биыл екінші рет өтіп отыр. Құқық қорғау саласының өкілдері жарыс алдында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіпті. Өңірлерден келген спортшылардың да қызу дайындалғаны байқалады.
Серік Қаныбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кадр жұмысы департаментінің басшысы:
- Келесі жылы үшінші турнирімізді әрбір күштік құрылымның 2 командасынан қатыстырсақ деп отырмыз. Ол дегеніміз 8 қазір салмақ болатын болса, келесі жылы салмақ санын көбейтуіміз мүмкін. Әр күштік құрылымнан 8 емес 16 адам қатысады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер алғыс хатпен, медальдармен марапатталды. Жеңімпаздар қолдарына кубок ұстап, қайыстан белбеу тақты. Одан бөлек, әр орынға ақшалай сыйлық берілді.
Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Ерзат Зайытхан.