Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Футболдан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Соның аясында ұлттық құрама кезекті рет жеңіске жетіп, жанкүйерлерді серпілтіп тастады. Бұған қоса, Астанада өткен ойында қос рекорд тіркелді.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчын көпшілік тағатсыздана күтті. Тіпті, 10 күн бұрын билеттер түгел сатылып, стадионда ине шаншар орын болмады. Ұлттық құраманың жігіттері де осы жауапкершілікті түсініп, ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алды. Соның арқасында 28-минутта есеп ашты.

Авторы – Максим Самородов.

Артынша есепті еселейтін мүмкіндіктер болды. Бірақ, таблодағы нәтиже өзгермеді. Қонақтар да қанша тырысқанымен таразы басын теңестіре алмады. Осылайша 1:0 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Көпшілікпен бірге Мемлекет басшысы да «Астана аренаға» арнайы барып, ұлттық құрамаға қолдау танытты. Ал матчтан кейін жігіттердің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, жарқын жеңіспен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас вечер радости, но завтра на тренировку надо. Так что ждём дальнейших успехов! Большое спасибо вам.

Айта кету керек, бұл ұлттық құраманың іріктеу кезеңі аясындағы 4-ші жеңісі. Сәйкесінше, өзіндік рекорд саналады. Бұған қоса, қазір еншімізде 12 ұпай бар. Бұл да бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.

Абзал Бейсебеков, ұлттық құрама мүшесі:

- Өте ауыр және қиын ойын болды. Бірақ, балалар 90 минут бойы ойынның соңына дейін шыдап, төзіп, 1:0 есебін ұстап қалдық. Қолдағандарыңыз үшін көп рахмет! Жанкүйерлер соңына дейін сенді. Атмосфера керемет болды стадионда.

Сонымен 6 турдан кейін Қазақстан құрамасы Н тобының 4-сатысында тұр. Көш басында Дания келеді. Үздік үштікке Финляндия мен Словения кірді. Бірақ, айта кету керек, Қазақстанмен арадағы ұпай айырмасы үлкен емес. Сәйкесінше, ұлттық құрамада Еуропа чемпионатына шығуға әлі де мүмкіндік бар. Барлығы сырт алаңда өтетін кезекті мачтарға байланысты. Яғни, Магомед Адиев баптайтын жігіттер 15-ші қазанда Даниямен, 18 қазанда Финляндиямен кездеседі.

Аслан Қаженов, «Хабар-24»