Чемпион қыздар елге оралды
Ұшақтан-құшаққа. Ел айбынын әлемдік додада асқақтатқан шахматшы қыздарымыз елордаға оралды.
Оларды таңмен таласа әуежайға жиылған туған-туыстары мен достары, әріптестері қарсы алды.
Алыс жол жүріп келсе де, спортшыларымыздың жүзі жарқын, көңілі көтеріңкі.
Естеріңізде болса, Польшада әйелдер арасында шахматтан өткен сайыста жерлестеріміз командалық есепте күміс жүлде иеленді. Бұл – еліміз үшін бірегей жеңіс. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 6 спортшы қорғады.
Әсел Серікбай, шахматшы:
- Өкінішке қарай, Грузия мемлекетінен ұтылып қалдық. Бірақ қыздар өте жақсы ойнады. Бұған дейін де көптеген жарысқа барған болатынмын, бірақ бұл командалық құрамдағы бірінші жарысыз болды. Осы жарыстан кейін мүмкіндігінше жақсы дайындалып, жіберген қателігімізді келесіде жасамауға тырысамыз.