Оралдағы самбодан әлем чемпионатында әскерилер топ жарды
Орал қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында біздің оғландар топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов самбошы әскерилерді құттықтады. 3 күнге ұласқан бәсекеге 18 елден 35 жастан асқан 600-ге жуық татами шебері қатысты.
Біріншілікте Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы Арман Әбеуов чемпион атанды. Ол 98 келіден асатын салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қарулы Күштердің тағы бір өкілі – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27/943 әскери бөлімі гарнизондық спорт кешенінің бастығы Талғат Әміренов те 98 келіден жоғары салмақта І орыннан көрінді. Ал тағы бір спортшы Диас Құрықбаев 71 келі салмақ дәрежесінде күміс медальге ие болды.