Қазақ боксшылары Канелоның кешінде өнер көрсетеді

Қазақ боксшылары Канелоның кешінде өнер көрсетеді

Қазақстандық Бек Нұрбағамбет пен Әбілхан Аманқұл осыдай мүмкіндікке ие болды. Олар 30 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады.

Бек Нұрмағамбет бүгінге дейін 10 кездесу өткізіп, онында да жеңіске жетті. Тіпті, 8-ін уақытынан бұрын аяқтады.

Әбілханның көрсеткіші 4 жекпе-жек, 4 жеңіс және 4-еуінде де нокаут тіркелді.

Қазір жерлестеріміз Сауль Альвареспен бірге жаттығу пысықтап жүр. Жалпы қос тарап арасындағы байланыстың орнағанына бірнеше жыл болды. Соның арқасында қазақ жігіттері алғаш рет бүкіл әлем көз тігетін кеште бағын сынамақ. Оның негізгі кездесуі орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен бірінші орта салмқатағы абсолбтті әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарло арасында болады.

Тағы қайталап өтейік, бокс кеші 30 қыркүйекте өтеді және оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.