Қазақстан мен Өзбекстан студенттері өзара мықтыны анықтайды

Бұл жайында спорт және туризм академиясы мен өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университеті арасында келісім жасалды.

Екі оқу ордасының басшылары ғылыми бағдарламалар бойынша да тәжірибе алмасып, жобаларды бірлесіп іске асыру жайын да талқыланды. Өзбекстандағы жоғары оқу орны ТМД аумағындағы спорттық-жаттығу базасы мықты, кәсіби мамандары көп білім ордасы болып саналады. Енді осы екі елдің кәсіби жаттықтырушы-мамандары студентд спортшыларға дәріс оқиды әрі дайындық базасы кеңейеді.