Хоккей: «Спартак» - «Барыс» 6:3

Хоккей: «Спартак» - «Барыс» 6:3

Өткен жолы Нефтехимик қақпасына жауапсыз 8 шайба соққан «Барыс» Мәскеуде азу көрсете алмады.

Жергілікті «Спартакпен» айдынға шыққан елорда командасы 3:6 есебімен есе жіберді. Айдын иелері қатарынан 2 шайба соғып алға шыққан еді. Сосын «Барыс» сапынан Аңсар Шайхмедденов мергендік танытып, ойынды қыздыра түсті. Үзілістен кейін де хоккейшілер нәтижелі ойын көрсетті. «Спартак» үшінші шайбасын соққаны сол еді, артынша астаналықтар қарымта қайтарды. Еміл Нұрғалиев арадағы есеп айырмасын қысқартты. Ойын тағдыры үшінші периодта шешілді. Мәскеуліктер қарқынын үдетіп, «Барыс» қақпасын 3 мәрте дәл көздеді. Андрей Скабелка шәкірттері жалғыз голмен жауап қатты. Жозеп Лабейт матчқа нүкте қойды.

«Барыс» жаңа маусымда алтыншы рет қарсыласына жол беріп, турнир кестесінде оныншы орынға орналасты. Елордалықтар құрлықтық хоккей лигасындағы келесі кездесуін сырт айдында «Сібірге» қарсы өткізеді.