Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері.
48 келі салмақта сынға түсіп, қарсылас шыдатпай келе жатқан спортшы ақтық бәсекеде, тек үш дүркін Әлем Чемпионы жапондық Натсуми Цунодаға есе жіберді. Сөйтіп ХІХ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері болды. Мұнан кейін Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды. 60 келіде бақ сынаған балуан тәжікстандық Мехрзод Суфиевті жеңіп, Азия ойындарында үшінші орынға қол жеткізді.