ҚПЛ: «Ордабасы» - «Астана» 1:2
Қазақстан премьер-лигасы шарықтау шегіне жетті.
Биыл «Ордабасының» шоқтығы биік. Өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатында топ жаруға тырысып келеді. Алайда біріншілік мәреге жақындаған тұста күтпеген нәтижелер тіркеліп жатады.
Қазір Шымкент командасын «Астана» өкшелеп келеді. Конференция лигасында ойсырай жеңілген елордалықтар «Ордабасының» мысын басты. 23-ші турдағы орталық кездесуде Аслан Дарабаев есеп ашты. Сосын 18 жастағы Нұрәлі Жақсылықов премьер-лигадағы алғашқы голына көрімдік сұрады. «Ордабасы» матч соңына жалғыз голмен жауап қатты. Максим Федин пенальтиден есеп айырмасын қысқартты. Қортынды есеп: 2:1. «Астананың» пайдасында. Елордалықтар 46 ұпаймен екінші орынға жайғасты. «Ордабасы» 49 ұпаймен топ бастап келеді.