Азия ойындары: қоржынға қос алтын түсті
Бүгін жазғы Азия ойындарынан,Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль түсті.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы стенд атудан скит микс бағдарламасында топ жарды. Сонымен қатар Зухра Ирназарова 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Осылайша, Қазақстан жазғы Азия ойындарында, 3-ші алтын жүлдесін иеленді.
Эдуард Лещенко, Азия ойындарының жеңімпазы:
- Алтын алу жоспарда болды. Мақсатымызға қол жеткіздік. Әр жарыста осылай топ жаруға тырысамыз. Мына жақта ауа ылғалды. Ол кері әсер етеді. Соған қарамастан табандылық танытып, бас жүлдені жеңіп алдық. Өте қуаныштымын.