Аstana Open ATP 250 турнирін әлем тікелей эфирде тамашалап отыр

Аstana Open ATP 250 турнирін әлемнің 80-нен аса елінің тұрғындары тікелей эфирде тамашалап отыр.

Бұл туралы турнирдің ұйымдастыру комитеті хабарлады. Жалпы бүгінгі ойындарға көрермен тарапынан қызығушылық зор болмақ. Қазақстанның үміті Александр Бублик алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Мартон Фучовичті жеңген Себастьян Офнер. Қарсыластар бүгін түстен кейін ойнайды. Кездесуді тамашалау үшін шәкірттерін ертіп, алыстан арнайы келгендер де бар.

Айдын Жаңаберген, теннис бапкері:

- Өзім енді Маңғыстаудан. Біздің мектептің өзінде 150 бала бар. Олардың ішінде 20-сы профессиональная группадан жарысқа шығып жүрген балалар. АТР алдыңғысына да 500-дік болды. Соған да балалар алып келгенбіз. Ол кезде Джокович бірінші орын алған. Одан кейін екінші рет бола ма, ағай деп, күшті эмоция қалдырып жатыр.