Боксшы Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының қола жүлдегері.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында бокстан жартылай финалда жерлесіміз алаң қожайыны Хан Сюэчжэньге ғана есе жіберді. Айта кеткен жөн, ұлттық құрамамыздың қоржынында қазір барлығы 30 медаль бар. Оның үшеуі алтын.

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құрама бапкері:

- Қарсыласы да оңай болған жоқ. Шыдамды. Жеңілгенімізді мойындау керек. Қытай 3 раунд бойы шыдады төбелеске. Өте жақсы дайындалған.