Astana Open ATP 250: жұптық сынның финалистері белгілі

Бүгін Astana Open ATP 250 турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұптық бәсекенің ақтық сынына шыққандар есімі белгілі. Ертең Джон Пирс пен Мате Павич жұбы америкалық Натаниел Ламмонс пен Джексон Уитроуға қарсы ойнайды. Сондай-ақ бүгін жеке сында Себастьян Корда Сербиялық Хамад Медьедовичті жеңіп, финалға өтті. Бұл кездесуден кейін Себастьян Офнер мен Адриан Маннарино алаңға шығады.

Турнир ертең аяқталады. Жеңімпаз 154 мың долларға ие болады.

Дархан Жармұхамбетов, турнир директорының орынбасары:

- Бұл ойыншылардың бұрын да Астанада ойнағанын атап өту керек. Кеше Родионовты жеңген Маннарино ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында турнирдің чемпионы атанғанша Астанаға келе беретінін мәлімдеді. Айта кетейік, Маннарино турнир алғаш рет өткізілген 2020 финалда ұтылып қалған болатын.