Қазақстан футбол құрамасы Даниядан жеңіліп қалды

Қазақстан футбол құрамасы Даниядан жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Данияда сенсация жасай алмады.

Еуро-2024 іріктеу сатысында Магомед Адиевтің шәкірттері 3-1 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері құрамындағы Йонас Винн мен қос голдың авторы Роберт Сков ерекше көзге түсті. Ал ұлттық құрама сапындағы Ян Вороговский екінші таймда ғана гол салып үлгерді. Осылайша Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен, топтағы төртінші орында. Келесі ойын 17 қазанда Хельсинкиде Финляндия құрамасына қарсы өтеді.